 |
5
қазан күні «Мектепке
дейінгі білім берудегі мемлекеттік-жекеменшік
әріптестік» тақырыбында республикалық
семинар
өткізілді. Семинардың облысымызда
өткізілу себебі республика бойынша алғаш
рет 2009 жылдан бастап жекеменшік балабақшаға
облыстық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс
берілген болатын. Осыған орай, облысымызда
мектепке дейінгі мекемемен қамту деңгейі
өсіп отыр. Облыста бүгінгі күні 319 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 20233 бала
тәрбиеленуде. Облыстағы 3-6 жастағы
баланың мектепке дейінгі ұйымға
тартылуы 56,5
пайызды құрап отыр.
|
|
|
 |
23
қыркүйек күні
Қызылорда қаласындағы №
264 орта мектеп-лицейде мұғалімдердің
кәсіби мерекесіне арналған облыс
әкімінің салтанатты қабылдауы
өтеді.
Директорлар вальсінен басталған
қабылдау облыс әкімінің
құттықтауына жалғасты.
«Қызылорда облысы әкімінің
білім беру саласының қызметкерлеріне
жыл сайынғы сыйлығын тағайындау
туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің
2008 жылғы 19 тамыздағы № 84 қаулысына
сәйкес жылда облыс әкімінің
200000, 150000, 100000 теңге көлеміндегі
сыйақысы тағайындалып келеді.
Биыл да 5 үздік ұстаз 100000 теңге
сыйақыға ие болып отыр. Олар №
4 облыстық дарынды балаларға арналған
мектеп – интернаттың мұғалімдері
Саянова Ағайша, Дінісламов Жүсіпәли,
Қасенова Гүлжайна, Шиелі ауданындағы
№ 252 орта мектептің мұғалімі
Латышев Александр, Қазалы ауданындағы
№ 216 мектептің мұғалімі
Жүсіп Зинегүл.
|
21
қыркүйек күні облыс әкімі Болатбек
Қуандықовтың төрағалығымен
облыс әкімдігінің мәжілісі болып өтті. Мәжілісте күн тәртібіндегі «Білім
беру мекемелерінің жаңа оқу
жылына дайындық барысы, жоспарлар мен
проблемалар туралы» Қызылорда
облысы әкімдігінің 2011 жылға
17 маусымдағы №55 қаулысының
орындалу барысы жайлы облыстық білім
басқармасының бастығы Жаңыл
Жонтаева баяндады. Қаулыда білім басқармасына
бірнеше бағытта нақты тапсырмалар
берілген болатын. Бұл орайда білім
беру мекемелерінің күрделі және
ағымдағы жөндеу жұмыстары
бойынша жоспарланған 45 мектептің
38-і күрделі жөндеуден өткен.
Бұл жұмыстарға 605 млн.
теңгеден астам қаржы қаралды.
Күрделі жөндеуге Сырдария ауданы
ең көп қаржы бөлген.
Сонымен бірге жыл аяғына дейін Қызылорда
қаласы мен Сырдария, Жаңақорған
аудандарында 1200 орындық жаңа
мектептер пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Оқу жылына дейін 291 білім орындары
ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Білім орындарына жылу беру маусымына 42 мың
тоннадан астам қатты отын, 8 мың
тоннадан астам сұйық отын қажет
болса, олардың орындалу көрсеткіші
50 пайызға жуықтайды.
|
 |
17
тамыз күні Студенттер сарайында «Отбасы, мектеп және қоғамның
игілікті болашақ жолындағы
өзара ынтымақтастығы»
тақырыбында Қызылорда облысы педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі болып өтті. Студенттер сарайының І-ІІ қабаттарында
«Өңірлер. Инновациялар.
Білім беру бәсекелестігі»
шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Өңірдегі
білім беру жүйесі мен азаматтық
қауымдастықтың өзара
әрекет ету нәтижесіндегі инновациялық
әлеуетін көрсету мақсатында
бірыңғай стильде мультимедиялық
презентациялар/роликтер және қабырғалықтар
көрсетіледі. Көрменің негізгі
мәні инновациялардың балабақша
, оқушы, мұғалім, ата-ана,
ауыл, қала өмірін жақсартудағы,
жалпы білім жүйесінің дамуы мен
бәсекелестікке ықпалын
көрсетілді.
|
толығырақ
|
 |
10
тамыз күні «E-leaning»
электронды оқытуды енгізу болашағы,
мәселелері және шешу жолдары
тақырыбында он- лайн режиминдегі интернет
жиын өткізілді. Интернет жиын облыстағы
жалпы білім беретін мектептердегі 68 интерактивті
студияны, облыстық білім беру қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру және қайта
даярлау институтының интерактивті студиясын
байланыстыра отырып, облыстық білім
басқармасының мәжіліс залында
өткізілді. Интернет жиынға жалпы
білім беретін мектеп директорлары, балабақша
меңгерушілері, кәсіптік мектеп
директорлары, колледж басшылары, білім бөліміндегі
жауапты мамандар, әдіскерлер қатысты.
Басқарма басшысы 2011-2012 жаңа
оқу жылының басталуы, биылғы
жылдың ерекшеліктері жайлы хабарлама
жасады. Қызылорда қалалық
білім бөлімі мен аудандық білім
бөлімдері басшыларының жаңа
оқу жылына дайындығы жайлы хабарламалары
тыңдалды.
|
|
 |
18
маусым күні Қызылорда қаласы
Н.Бекежанов атындағы музыкалық
драма театрда «Алтын
белгі» иегерлерін марапаттауға арналған
салтанатты шара өткізілді.
Салтанатты шараға облыс әкімі
Болатбек Қуандықов, облыс әкімінің
орынбасарлары, облыстық, қалалық
мәслихат депутаттары, облыстағы
білім саласы ардагерлері және
ата-аналар қатысты. «Алтын белгі» иегерлерін марапаттау рәсімінде
«Алтын белгі» медалі тағылған
арнайы ленталар алтын ағаштан алынып,
түлектерге табыс етілді және «Алтын
белгі» дайындаған 84 мектеп директоры
марапталып, ұлттық біріңғай
тестілеуден ең жоғары нәтижеге
жеткен 10 мектеп директорына жолдама тапсырылды.
|
толығырақ
|
 |
16
маусым күні Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011
жылдың 28 қаңтарындағы
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»
атты Қазақстан халқына Жолдауындағы
тапсырмалар мен «Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының»
техникалық және кәсіптік
білім беруді дамытуға бағытталған
қағидаттарын орындау мақсатында техникалық және
кәсіптік білім беретін оқу орындары
мен жұмыс беруші-әлеуметтік серіктестердің
басын қосып отырған «Кәсіптік
білім және бизнес: Әріптестер
сұхбаты» атты ІІ облыстық форум өткізілді.
|
|
4-10
маусым аралығында Қызылорда облысының
мектеп бітіруші түлектері ұлттық
бірыңғай тестілеу тапсырды.
ҰБТ қорытындысымен Қызылорда
облысының білім ұйымдарының
орташа балы 90,5 болды. 301 «Алтын белгі»
белгіге үміткердің 207-сі өз
білімдерін дәлелдеп шықса «Үздік
аттестатқа» 217 үміткердің
127-сі дәлелдеп шықты. 100-ден
жоғары балл алған оқушылар
саны-2403. 2010 жылы 125 балды 2 оқушы
жинақтаса, 2011 жылы ең жоғарғы
125 балды 3 оқушы жинады (Қазалы
ауданы № 249 мектептің Кемал Анар Жасасынқызы,
Ақбаева Арман Берікқызы,
Қызылорда қаласы №9 КТЛ-ден
Фадеев Денис). Жекелеген пәндер бойынша
жоғарғы көрсеткіштерді география-20,84,
биология-20,04, қазақ тілі-19,9,
Қазақстан Тарихы – 19,1, ағылшын
тілі 19,6, математика -16,5 пәндерінен
көрсетіп отыр.
|
толығырақ
|
1
маусым күні қалалық демалыс паркінде
«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау
күніне» арналған меркелік іс-шара
болды. Шарада балаларға
арналған «Тәуелсіз Қазақстан
еліне 20 жыл» шағын орталық балалары асфальтқа сурет салу байқауы,
«Ертегілер елінде» атты көрініс, «Тәуелсіздік тұғырым» сурет көрмесі, «Әкем, анам және
мен" спорттық эстафеталық
сайысы, «Достық кездесу» шахматшылар
жарысы, жазғы сауықтыру - демалыс лагеріне, күндізгі
тынығу лагеріне баратын балалардың
топжетекшісі аға мұғалімге
рапорт беру салтанатты шарасы, Нұрбесік
,Алпамыс, Ертөстік, Алтын ұя,
Баянсұлу, Адина, Ралан, Райчик,Еркемай,
Солнышко -Бөбек, Назым, Құлыншақ
т.б балабақшалар арасында «Әрқашан күн сөнбесін»
қойылым
массовкасы болды. Сондай-ақ, шара барысында облыс әкімі Астана каласына, «Сырдария», «Талды
су» жазғы демалыс лагерлеріне жолдама тапсырып, шара әрі
қарай «Айгөлек» балалар шығармашылығы
фестиваліне ұласты.
|
|
Қызылордаоблысындажеті
жасқадейінгі балаларсаны 110 мыңнан асады. Ресми мәліметке
сүйенсек, солардың 15 мыңы
қазір балабақшаға кезекте
тұр. Оларды
бақшаға орналастырудың машақатын
жеңілдету үшін аймақ бойынша электронды жүйе енгізілді. Енді ата-аналар өз кезегін ғаламтор
арқылы қадағалай алады.
|
 |
25
мамыр күні Қызылорда қаласындағы
Орталық алаңда
«Тәуелсіздік жетістіктері» атты соңғы
қоңырау салтанатты
жиыны болып өтті. Аталмыш салтанатты
шараға облыс әкімі Б.Қуандықов,
облыс әкімінің орынбасарлары,
облыстағы білім саласы ардагерлері,
ата-аналар, республикалық, халықаралық
олимпиада жүлдегерлері және Қызылорда қаласы орталығындағы
38 мектептің бітіруші түлектері
қатысты. Шара барысында «Қозғалыстың жас инспекторлары» отрядының көрінісі,
45 оқушыдан тұратын «Жас ұрпақ»
қоғамдық бірлестігінің
сәлемдесу рәсімі, 155 мектеп оқушысының
қатысуымен «Керемет мектеп жылдары» атты сахналық көрініс
(пролог), құрамында грант иегерлері,
олимпиада, спорт, өнер жеңімпаздары,
«Алтын белгі» үміткерлері, Үздік
аттестат үміткерлері бар мектеп бітірушілердің
шеруі болады.
|
|
|

|
19-20 мамыр күндері
М. Мәметова атындағы Қызылорда
гуманитарлық колледжінде 12 жылдық
мектепке педагог кадрлар даярлаудың
мазмұнына, әдіснамасы мен әдістемесіне
талдау жасау, құзырлы педагог
мамандар даярлаудың өзекті мәселесін
талқылау және озат тәжірибелерді
тарату мақсатында
«12 жылдық білім беруге көшу жағдайында
техникалық және кәсіптік
білім беру жүйесінде педагог кадрлар
даярлауды жаңғырту»
атты республикалық ғылыми – практикалық
конференция болып өтті.
|

|
16-23
мамыр күндері Оңтүстік Корея
республикасындағы Кенги провинциясының
білім департаменті мен Қызылорда облысы
әкімдігі арасындағы халықаралық
серіктестік туралы келісім негізінде облыстағы
үздік мұғалімдер ақпараттық
тәжірибе алмасуға
іс сапарға барып қайтты.
|
10
мамыр күні облыс әкімінің
орынбасары М.Мұхамедовтың қатысуымен
Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге
дайындық жұмыстарын зерделеу мақсатында
жиналыс болып
өтті. Жиналысқа облыстың мекеме басшылары, облыстағы
ҰБТ-ны өткізу мен ұйымдастырудың
мемлекеттік комиссия төрағалары,
мүшелері, ҰБТ-ны өткізу
пунктерінің директорлары,
аудандық, қалалық
білім бөлімдерінің басшылары,
бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдері
қатысып, 2011 жылғы ҰБТ
өткізу мен ұйымдастыру жұмыстары
талқыланды.
|

|
7
мамыр күні Қармақшы ауданындағы
№250 мектепте Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 20 жылдығына
және Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген қайраткері,
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ә. Мүсілімұлының
70 жылдығына арналған білім беру
жүйесінің ынталы, шығармашылықпен
жұмыс жасайтын әдіскерлерді табу
және қолдау, педагогтардың
кәсіби өсу дамуын ұйымдастыруда
жаңашыл тәсілдерді жинақтап
қорыту мақсатында «Үздік
әдіскер- 2011» байқауы
өткізілді.
|
 |
4
мамыр күні Сырдария ауданындағы
мәдениет үйінде Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 20
жылдығына және Қазақстан
Республикасының
еңбек сіңірген қайраткері,
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ә.
Мүсілімұлының 70 жылдығына
арналған педагогикалық форум
болып өтті.
|
|

|
Қазақстан
Республикасының
еңбек сіңірген қайраткері,
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ә. Мүсілімұлының
70 жылдығына арналған ҚР
бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасын,
ҚР бiлiм берудi ұйымдарындағы
Тәрбиенiң 2006-2011 жылдарға
арналған кешендi бағдарламасы
мен ҚР үздіксіз білім беру ұйымдарындағы
Тәрбие тұжырымдамасын жүзеге
асыру шеңберiнде «Үздік тәрбиеші
- 2011» мектеп-интернаттар тәрбиешілерінің
байқауы өткізілді.
|

|
30
сәуір күні жетім және ата-ана
қамқоршылығынсыз қалған
балаларға арналған №1 мектеп-интернатта
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
20 жылдығы мен Қазақстан
Республикасының
еңбек сіңірген қайраткері,
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ә. Мүсілімовтың
70 жылдығына арналған мектеп-интернат мекемелері арасында өнерлі балаларды қолдау мақсатындағы облыстық «Таң
Шолпан» конкурсы ұйымдастырылды.
|
 |
26
сәуір күні Шиелі ауданындағы
№244 мектепте Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 20 жылдығына
және білім саласының ардагері
Ә.Мүсілімовтің 70 жылдығына
орай жоғары интеллектуалды даму деңгейіндегі
педагогтардың «Үздік
бастауыш сынып мұғалімі -2011»
облыстық байқауы
өткізілді. Жүлделі орынға
ие болғандар І,ІІ,ІІІ дәрежелі
дипломмен және бағалы сыйлықтармен
марапатталды. І орынды иеленген Есмаханова
Сараға Әли Мүсілімов атындағы
жүлде берілді.
|
|
25
сәуір күні Қызылорда
медициналық коледжінде Қызылорда
облысы білім
басқармасының кезекті алқа
мәжілісі болып өтті.
|
|
4
мамыр күні облыстық
білім басқармасы мен
Сырдария ауданының әкімдігінің
ұйымдастыруымен Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген
қайраткері, педагогика ғылымдарының
докторы, профессор Ә. Мүсілімұлының
70 жылдығына арналған педагогикалық
форум болып өтеді.
|
БАҒДАРЛАМАСЫ
|
 |
22
сәуір күні қарттар мен мүгедектерге
арналған жалпы үлгідегі интернат
үйінде №9,№10 дарынды балаларға арналған облыстық
қазақ-түрік лицей-интернаттарының ұйымдастыруымен «Сарғайса
да тарихтың ақ парағы, ол
күндер мәңгі есте сақталады!»
атты
Ұлы Жеңістің 66 жылдығына
арналған мерекелік кеш болып өтті.
Кеш барысында оқушылар қарттар
үйіндегі тыл ардагерлері Үсентаев
Мұса, Гончаренко Анна, Каримова Рауза,
Волостнова Зинаида, Пазылбекова Бөрікүлдің
өнегелі еңбек жолымен танысып,
сұхбаттасып қайтты.
|
|
 |
16
сәуір күні Жалағаш ауданындағы
№202 орта мектепте ҚР Тәуелсіздігінің
20 жылдығына орай және облыстық
білім саласының дамуына сүбелі
үлес қосқан
Әли Мүсілімұлының
70 жылдығына арналған мектеп басшыларының
компьютерлік сауаттылығын арттырып,
жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту мақсатында «Ақпаратшыл басшы - 2011» облыстық байқауы болып өтті. Байқаудың І кезеңінде қатысушылардың жаңа технологияларды
жетік білу деңгейлері, ІІ кезеңде
сабақ барысындағы
интерактивті технологияларды пайдалану
бейімділігі бағаланды.
|
толығырақ
|
 |
14
сәуір күні Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына
арналған Қызылорда қаласындағы
№264 мектеп-лицейде мектепке дейінгі білім
қызметкерлері үшін «Мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында электронды оқулықтар
мен ойыншықтарды қолдану»
тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Семинар барысында
қатынас, таным және шығармашылық
білім беру саласы бойынша оқу
іс-әрекеті ұйымдастырылып,
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында
электронды оқулықтар мен ойыншықтарды
қолдану» және «Индикатор – балалардың
дамуын бағалау жүйесі» тақырыбында тренинг өткізілді.
|
|
 |
11
сәуір күні
Қызылорда қаласы №3 мектеп-лицейде
Қазақстан
Тәуелсіздігінің 20 жылдығына
арналған ісшаралар аясында және
ғарыш дәуірінің басталғанына,
ғарышты игергенімізге 50 жыл толуына
орай математика, физика және астрономия пән
мұғалімдерінің «Астрономия
және жұлдызды әлем» тақырыбындағы облыстық форумы өткізілді.
|
|
 |
28
наурыз күні қалалық өнер мектебінің
базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
20 жылдығына орай
қосымша білім беру ұйымдары
тәрбиеленушілерінің арасында халқымыздың
асыл мұрасы дәстүрлі ән
мен күйлерді дәріптеу, сал – серілердің
есімін есте сақтап, әндерін жас ұрпаққа
насихаттау,
ұлттық мәдениетті халықтық
салт- дәстүрді сақтауға,
ұлттық өнерді
құрметтеп
жандандыру мақсатында
«Туған
жер - алтын бесік» атты
облыстық халық әндерінен
жас ақындар мен халық аспаптар
шығармашылығы
байқауы
өткізілді.
|
|
 |
20
наурыз күні балалардың көңіліне
қуаныш сыйлап, жүрегіне жылылық
берер республикалық
«Жұлдызай 2011» мүмкіндігі шектеулі
балаларға арналған өнер
фестивлінің іріктеу кезеңі
болып өтті. Бұл кезеңге
облыстық №6 және №7 арнаулы түзету
мектеп – интернатының өнерлі оқушылар
қатысты. Бұл шарада юейнелеу және
декоративті қолданбалы өнерінен
оқушылардың шығармашылық
көрмесі, ән және би өнерінен
сайыс ұйымдастырылды. Өмірді жан-тәнімен
сүйетін бұл балалар келешекке
үлкен қадам жасады.
|
толығырақ
|

|
16
наурыз күні тұңғыш
рет 3-4 сыныптар
арасынада математика
пәнінен облыстық олимпиада
болып өтті. І кезеңде-2864 оқушы
білім сынасса,
ІІ кезеңде- 418 , ал ІІІ кезеңде-
15 шәкірт қатысты. Қазақ
елінің тәуелсіздігінің 20
жылдығының құрметіне
5-7 сыныптар аралығында қазақстан
тарихы пәнінен облыстық олимпиада
өтті. Бірінші кезеңде бақ
сынасқан үміткерлер саны-5129,
екінші кезеңде -579, ал жүзден
жүйрік, мыңнан тұлпар болып
суырылып, үшінші кезеңге өткен
шәкірттер саны- 24.
|
|

|
15-16
наурыз күндері 2010-2011 оқу жылындағы
жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық
олимпиаданың ІІІ кезеңі (облыстық)
Қызылорда қаласы №264 мектеп-лицей
базасында өткізілді. Жалпы білім беретін пәндер
бойынша 9-11 сыныптар арасындағы республикалық
олимпиаданың ІІІ кезеңінің
рейтингісі бойынша І орында- №9 қазақ-түрік
лицей командасы, ІІ орында-Қызылорда
қаласының командасы, ІІІ орында
–Қазалы ауданның командасы анықталды.
Жалпы білім беретін пәндік олимпиада
жүлдегерлеріне І орын «Алтын»медаль,
ІІ орын «Күміс» медаль, ІІІ орын «Қола»
медаль салтанатты түрде тапсырылды.
|
|

|
11
наурыз күні Жалағаш ауданында
балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид пен қылмыстың
алдын алу бағытында профилактикалық
жұмыстар жүргізу, ата-аналар ролін
күшейту, жалпы білім беретін мектептерде
құрылған әкелер кеңесінің
жұмыстарын нақтылау, құқықтық
және психологиялық кеңестер
мен ақпараттар беру мақсатында
«Балаларды
тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының
ролі»
атты басқосу болып өтті.
|
|
11 наурызкүні Жалағаш
ауданындағы №202 орта мектепте «Мектеп
кітапханасы – білім беру ұйымдарының
ақпараттық орталығы»
атты кітапханашылардың облыстық
семинар - практикумы болып өтті.
|
 |
9
наурыз күні Сырдария ауданы, «Бесарық»
ауылындағы № 147 орта мектепте «Тәрбие
жүйесіндегі психологтар мен әлеуметтік
педагогтардың ролі» атты кездесу
өткізілді. Кездесуге аудан мектептерінің
басшылары, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар
қатысып,
бүгінгі күннің негізгі
проблемаларымен бөлісті. Кездесуге қатысушылар
облыс көлемінде орын алған кәмелетке
толмағандар арасындағы өз-өзіне
қол жұмсаудың алдын алу,
балалар мен жасөспірімдер арасындағы
суицидалды және девиантты мінез-құлықтарды
ерте анықтау жөнінде ой қозғады.
Аудан мектептерінде ата-аналар комитетінің
жұмысын
күшейту, отбасылардың белсенділігін
арттыру, оның ішінде жақында
құрылған әкелер кеңесінің
жұмысын жандардыру туралы ұсыныстар берілді.
|
|
9
наурыз
күні Сырдария ауданында басқарма
бастығы Жаңыл Жонтаева сыбайлас
жемқорлық пен құқық
бұзушылықтың алдын алу мен
Қазақстан Республикасы Президентінің
2005 жылғы 30 мамырдағы №1567
Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің
«Ар-намыс кодексінің» талаптарын, облыс
әкімінің 2008 жылғы 19 қарашадағы
«Қызылорда облысындағы жергілікті
атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу жөніндегі іс - шаралар» жоспарының
орындалуын жүзеге асыру мақсатында
жеке және
заңды тұлға өкілдерінің
өтініштері сай жеке қабылдау
өткізді.
|

|
ҚР
Білім және ғылым министрінің
жауапты хатшысы Әбдрәсілов Болатбек
Серікбайұлы ұстаз аналарға
ризашылығын жеткізіп, мерекемен құттықтау
мақсатында Қызылорда қаласындағы
№101 орта мектепте облыс ұстаздарының
басы қосылған «Ардақты ана,
ұлағатты ұстаз - өзіңсің»
атты мерекелік іс – шараға қатысты.
Өмірдегі әсімдік пен нәзіктікке
жолбасшы бола жүріп, жас ұрпақ
жүрегіне жақсылықтың
нұрын себе білген ұстаздарды шын
жүректен құттықтап,
мұғалімдер үшін қуанышты
жаңалық біліктілік санаттарына
сай жалақының өсетіндігін
хабарлады.
|
|

|
2
наурыз күні ҚР Білім және
ғылым министрінің жауапты хатшысы
Әбдрәсілов Болатбек Серікбайұлы
№217 Б.Шалғынбаев
атындағы орта мектепте болды.
«Жас ұрпақ» ұландары, мектептің
үздік оқушылары білім білім ордасының
бүгінгі қол жеткізген табыстармен
таныстырды. Биылғы оқу жылынан
бастап енгізілген «Өзін – өзі
тану» сабақтарына қатысып, Б.Шалғынбаев
атындағы мұражай жұмысымен
танысып, оқушылар ұсынған
Тілек кітабына өз қолтаңбасын
қалдырды.
|
|

|
1-2
наурыз күндері
ҚР Білім және ғылым министрінің
жауапты хатшысы Әбдрәсілов Болатбек
Серікбайұлы жұмыс сапарымен
Қызылорда қаласына келді. 2 наурыз
күні кәсіптік арнаулы оқу
орындарының жұмысымен танысу мақсатында
И. Әбдікәрімов атындағы
Қызылорда аграрлы-техникалық колледжінде
болды. Колледждің оқу – өндірістік
базасымен танысты. Арнайы дайындалған
көрме арқылы колледждердің
бүгінгі заманауи жетістіктерімен танысты.
|
|
Біз
біргеміз! Мейірім-шапағатыңызға
сенім артамыз! Қызылорда
облысының білім басқармасы 2011
жылғы 20 ақпан күні өрттен
зардап шеккен Бекниязовтар отбасында тәрбиеленіп
жатқан 2003 жылдың 1 наурызында
туылған қызы Оңдасын Динараның
атынан АҚ «Казкоммерцбанктен» KZ9392607015J6610000
есеп шот ашылғандығын хабарлайды.
|
|
18
ақпан күні басқарма бастығы
Жаңыл Жонтаева Шиелі
ауданына іс сапарда болды. Онда жеке
және заңды тұлға өкілдерінің
өтініштері сай жеке қабылдау өткізіп,
аудандағы білім ұйымдарының
жұмысымен танысты.
|
|
17
ақпан
күні Жаңақорған ауданында
басқарма бастығы Жаңыл Жонтаева
сыбайлас жемқорлық пен құқық
бұзушылықтың алдын алу мен
Қазақстан Республикасы Президентінің
2005 жылғы 30 мамырдағы №1567
Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің
«Ар-намыс кодексінің» талаптарын, облыс
әкімінің 2008 жылғы 19 қарашадағы
«Қызылорда облысындағы жергілікті
атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу жөніндегі іс - шаралар» жоспарының
орындалуын жүзеге асыру мақсатында
жеке және
заңды тұлға өкілдерінің
өтініштері сай жеке қабылдау
өткізді.
|
16
ақпан күні басқарманың
мәжіліс залында облыстық білім
мекемелері басшыларымен жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде: 1. Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 20
жылдығына орай әр мекеме өз
іс-шаралар жоспарын әзірлеу; 2. 2011-2020
жылға арналған бағдарламасы
және 2011-2020 жылға арналған
бағдарламасы жайында; 3. Жоғарғы
санатқа
және бірінші санатқа өткізілетін
мұғалімдердің мәлметтері
жайлы; 4. 2005-2010 жылдардағы есеп
және қаржы құжаттарды
тексеру жайлы; 5. 2010 жылғы стратегиялық
жоспар жайлы мәселелер қаралды.
|
14 ақпан күні басқарманың
мәжіліс залында селекторлық
мәжіліс болып өтті. Күн
тәртібінде: 1. МАБ және ҰБТ
дайындық барысы туралы; 2. Қорғаншылық
және қамқоршылық органдарының
жұмыстары туралы; 3. Облыстағы
білім мекемелерін ақпараттандыру туралы
және ағымдағы мәселеле
қаралды.
|
 |
21
қаңтар күні Сыр
өңіріне жұмыс сапарымен
келген ҚР Білім және ғылым
министрі Бақытжан Жұмағұлов
Қызылорда қаласының Қарауылтөбе
елді мекеніндегі А.Хангелдин атындағы
№179 орта мектептің ашылу салтанатына
қатысты. Оған облыс әкімі
Болатбек Қуандықов, ҚР Парламенті
Сенатының депутаты Бақберген Досманбетов,
ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты Қылышбай Бисенов, мектеп атын
алған Айтбай Хангелдиннің туыстары
қатысты. Мектептің ашылу салтанатында
оқушылар Білім және ғылым
министріне ескерткіш қоңырауды
сыйға тартты. Мұнан кейін министр
кітапханада, жас мұғалімдер, информатика
кабинеттерінде, спортзалда болып, «Балбөбек»
шағын орталығының тыныс-тіршілігімен
танысты.
|
 |
Мемлекеттік
тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаның
жұмысымен танысу мақсатында қаладағы
«Сарыарқа» балабақшасына
келген министр Елбасының жас ұрпаққа
жасап жатқан қамқорлығына,
мектепке дейінгі балалар мекендерінің
қазіргі жай-күйіне тоқталды.
Жекелеген балабақшалардың санын
көбейту - бүгінгі күннің
басты қажеттіліктерінің бірі.
Өйткені, мектепке дейінгі бүлдіршіндерді
алдағы өмірге даярлау, оларды
түрлі өнерге баулу ісі ыждағатты
жүргізілуі тиіс. Өткен жылы пайдалануға
берілген 120 орындық «Сарыарқа»
балабақшасында оқу-тәрбие
процесі «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала»
оқу бағдарламалары арқылы
іске асырылып, ересек топтар үшін «Өзін-
өзі тану» сабағы жүргізіледі.
|

|
ҚР
Білім және ғылым министрі Бақытжан
Жұмағұловтың келесі
білім ордасы - Облыстық дарынды балаларға
арналған мектеп-интернат. Министр пән
кабинеттерін, балалардың жатын орындарын
аралап көрді. Ұстаздардың
сабақ оқыту тәжірибесімен
танысты. Қала мектептерінен жиналған
биылғы «Алтын
белгіге» үміткер оқушылармен жүздесіп,
пікір алысты, олардың сұрақтарына
жауап берді.
|

|
ҚР
Білім және ғылым министрі Бақытжан
Жұмағұловтың Сыр өңіріне
сапары түстен кейін қаладағы
«Сырдария» шағын ауданында орналасқан
№264 мектеп-лицейде жалғасып, мектептің
акт залында облыстың
педагогикалық активімен кездесу өткізді.
Жиында Қазақстан Республикасының
білім берудің 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
талқыланып, саладағы кейбір түйткілдер
сөз болды. Сыр өңіріне сапары
соңында министр осы білім ордасы жанынан
құрылған шағын орталықтың
ашылу салтанатына қатысып, орталықтың
сапасын жоғары бағалады.
|

|
|
 |
24
желтоқсан күні №264 мектеп – лицейде
Қазақстан Республикасы Президенті
атынан өткізілетін
«Менің Қазақстаным – менің
болашағым» атты Жаңа жылдық
шыршасы болып өтті.
Шыршаға 150 озат оқитын жетім,
ата – анасының қамқорлығынсыз
қалған балалар, аз қамтылған,
тұрмысы төмен отбасы мен көп
балалы отбасының және білім мекемелерінің
үздік оқушылары қатысты.
Балалар Елбасының арнайы сыйлықтарына
ие болды. Қазақстан Республикасы
Президенті атынан сыйлықтарды облыс
әкімі Б.Қуандықов тапсырды.
|
|
 |
20
желтоқсан күні №264 мектеп-лицейде
жалпы білім беретін мектеп оқушылары
арасында олардың
жаңа жылдық
кештерді безендіру, карнавалдық
киімдер дайындау, жаңа жылдық
бетперделер дайындауға үйрету,
сондай-ақ олардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту мен қызықты және озық идеялары мен ұсыныстарын
тарату мақсатында
балалар арасындағы қолөнер,
шығармашылық жұмыстарына
арналған облыстық байқау
болып өтті.
|
|
 |
2-8
желтоқсан күндері жатақханалардағы тәрбие және спорттық-сауықтыру
жұмыстарын жетілдіру,жатақханада
тұрып жатқан тәрбиеленушілердің
әлеуметтік және тұрмыстық
жағдайын жақсарту, талдау, тәжірибе
алмасу, анықтау арқылы интернаттардың
жатақханаларында тәрбие жұмыстары
мен жаоғарғы деңгейдегі
тұрмыстық
жағдайларды ұйымдастыру мақсатында
«Мен тұратын үй» тақырыбындағы
мектеп-интернаттардың жатақханалары
байқауы болып өтті.
|
|

|
7
желтоқсан күні Жас жеткіншектерді
әлеуметтік бейімдеу орталығында
қайырымдылық «Сыр
мейірімі»
акциясы аясында облыс басшысының
тәрбиеленушілермен кездесуі болып өтті. Облыс әкімі Б.Қуандықов тәрбиеленушілерге
сыртқы қыстық киім, аяқ
киім, 6 дана компьютер және Абдуллаев
Саматтың туған күніне магнитофон
сыйға тарту етіп, балалардың жүрек
жарды лебіздерін қабыл алды.
|
 |
18
қараша күні
№4
облыстық дарынды балаларға арналған
мектеп- интернаты жаңа ғимаратының
ашылу салтанаты болып өтті. Ашылып отырған мектеп-интернат 300
орындық, 240 орындық жатақханасымен.Ерекше
типтегі кешенді жаңа ғимаратқа
кірген №4
дарынды балаларға арналған мектеп
интернатының ұжымы алдағы
уақытта баланы оқытып, тәрбиелеуде
тың жаңалықтарға толы
инновациялық тұрғыда
іс -тәжірибесін насихаттайды деген сенім
білдіреміз.
|
| |
|

|
18-31
қазан аралығында Грекия мемлекетінің
Халкидики Порто-Каррос қаласында шахматтан
жасөспірімдер арасында (8-10 жас) Әлем
Чемпионаты болып өтті. Әлемдік
біріншілікке 86 елден 1367 спортшы қатысты.
Елімізден 18 шахматшы қатысып, оның
ішінде Қызылорда қаласы Темірбек
Жүргенов атындағы 136 мектептің
4 сынып оқушысы Серікбай Әсел
швейцар жүйесі бойынша класссикалық
шахматан қола жүлдеге ие болды.
|
 |
ҚР
Білім және ғылым министрлігінің
2008 жылғы 16 қазандағы
№573 бұйрығымен бекітілген олимпиаданы
өткізу Ережесіне сәйкес математика,
физика, химия және биология пәндері
бойынша ІІІ
Президенттік
олимпиаданың І кезеңі
– аймақтық (облыстық)
туры 2010 жылдың 29-30 қазан аралығында
Қызылорда қаласы
№6 орта мектепте өткізілді. Облыс бойынша
11 сыныптар аралығында 87 оқушы
қатысып, нәтижесінде 16 оқушы
жүлделі орындарға иеленіп, ІІІ
Президенттік олимпиаданың ІІ кезең
– қашықтық турына жолдама
алды.
|
|

|
30
қазан күні №101 мектепте
«Асхана» автоматтандырылған жүйесін
ендіруге байланысты облыс және аудан әкімдерінің қатысуымен
семинар өткізілді. Облыс бойынша жалпыға
міндетті оқу қоры есебінен аз
қамтамасыз етілген отбасы балаларына
тегін ыстық тамақ ұйымдастырылады.
Соған сәйкес «Асхана» автоматтандырылған
жүйесі оқушының күнделікті
тамақ ішуі мен қандай тамақ
ішкені жөнінде есебінің толық
және дұрыс жүргізілуіне
ықпал жасайды.
|
 |
25
қазан күні Қорқыт
ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеттің Студенттер Сарайында
Қазақстан
Республикасының Білім
және ғылым вице-министрі М. Сарыбековтің
Қызылорда облысы білім саласы қызметкерлерімен
кездесуі болып өтті. Кездесу
барысында Қызылорда облысындағы
білім беру саласының жай-күйі
туралы хабарлама жасалды.
|
|
ҚР
Білім және ғылым министрлігінің
2008 жылғы 16 қазандағы
№573 бұйрығымен бекітілген олимпиаданы
өткізу Ережесіне сәйкес математика,
физика, химия және биология пәндері
бойынша ІІІ
Президенттік
олимпиада 2010 жылдың
29-30 қазан аралығында өткізілетіндігін
хабарлайды. Президенттік олимпиада үш
кезеңнен өткізіледі: І кезең
– аймақтық(облыстық)- республика
бойынша бір мезгілде
өтетін уақыты – 29-30 қазан
2010 жыл; ІІ кезең – қашықтық
– 2010 жылдың 25 қарашасына дейін;
ІІІ кезең – қорытынды, Астана
қаласында- 9-13 желтоқсан 2010
жыл. 2010 жылдың 08 қарашасында
3-4 сыныптар аралығында облыстық
математика пәндік олимпиадасының
І кезеңі(мектепішілік) өткізіледі.
09 қарашасында 5-7 сыныптар аралығында
облыстық Қазақстан тарихы
пәндік олимпиадасының І кезеңі(мектепішілік)
өткізіледі. 10 қарашасында 8-11
сыныптар аралығында жалпы білім бертін
пәндер бойынша республикалық олимпиаданың
І кезеңі(мектепішілік) өткізіледі.
|
Қазақстан
гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының
және Қызылорда облыстық
білім басқармасының ұйымдастыруымен
2010 жылдың 18-20 қазан аралығында
шығармалар байқауы өткізілді.
Қызылорда қаласы бойынша
№12, №101, №140 мектептердің
11 сынып оқушыларының арасында «Қазақстан
–менің отбасым- менің туған үйім» атты шығармалар байқауына
45 оқушы қатысып 3 жүлделі
орынға және 4 алғыс хатқа
ие болып бағалы сыйлықтармен марапатталды.
|

|
30
қыркүйек күні сағат
10.00-де Н. Бекежанов атындағы драма
театрда облыс білім беру қызметкерлерінің
«Мұғалім!
Бұл адамның
ардақты аты...» атты салтанатты
жиын өтті. Сыр өңірінің
ұстаздар қауымын облыс әкімі
Б. Қуандықов кәсіби мерекесімен құттықтап, облыстық
марапатарды табыс етті. Облыс әкімінің
құрмет грамотасымен 12 педагог
қызметкер марапатталды. Дәстүрге
айналған бұл игі бастаманың
бірі – облыс әкімінің гранты.
Мерейлі мерекеде 18 педагог қызметкер
200,0 мың, 150,0 мың, 100,0 мың
теңгелік облыс әкімінің
сыйақыларына ие болды.
|
|

|
23
қыркүйек күні Шиелі ауданындағы
№127 мектепте инновациялық білім ұйымдарында
білім сапасын арттырудың негізгі бағыттарын
айқындау мақсатында «Инновациялық
білім беру ұйымы: үлгісі, даму
үрдістері, тәжірибесі»
атты инновациялық білім ұйымдарының
форумы болып өтті.
|

|
Ардақты
ұстаздар!
Баршаңызды
Ата Заңымыздың 15 жылдық
мерейтойымен қатар келген жаңа
оқу жылының алғашқы
күні – Білім күнімен шын жүректен
құттықтаймын! Сіздерге денсаулық, бақыт, шығармашылық
шабыт, толағай табыс, шаңырақтарыңызға
шаттық, береке-бірлік тілеймін. Білікті
де, білімді азаматтарды тәрбиелеуде,
халықтың рухани байлығын
арттыру мен ынтымағын сақтауда,
еліміздің абырой-беделін көтеруде
мәртебелеріңіз жоғары болсын!
Жаңа оқу жылы құтты
болсын, құрметті ұстаздар!
Ізгі
ниетпен,
Қызылорда облысы білім басқармасының бастығы
|

|
27
тамыз күні Студенттер сарайында
«Білім
беру жүйесіндегі қазіргі заманғы
дамыту стратегиясы: жаңа талаптары,
жаңа мүмкіндіктері»
тақырыбында облыстық тамыз кеңесі
болып өтті. Кеңес баталғанға
дейін студенттер сарайының І қабатында
«Жаңалықтар Жаршысы» электронды
көрмесі және ІІ қабатта
Оқулықтар вернисажын тамашалады.
|

|
26
тамыз күні Қызылорда
гуманитарлық заң колледжінде
«Облыстағы техникалық және
кәсіптік білім беру жүйесін қазіргі
заманғы дамыту стратегиясы: жаңа
талаптар, жаңа мүмкіндіктер» атты
техникалық
және кәсіптік білім қызметкерлерінің
тамыз кеңесін өткізілді.
Алқалы жиында облысымыздағы техникалық
және кәсіптік білім беру жүйесінің
жай-күйін, оның атқарған
жұмыстары мен келешекте шешетін мәселелерінің
ауқымын, кәсіптік білімге қойылатын
жаңа талаптар мен жаңа мүмкіндіктер
туралы ойлар айтылды.
|

|
27
тамыз күні сағат 15.00-де Студенттер сарайында өткізілетін «Білім
беру жүйесінің қазіргі заманғы
дамыту стратегиясы: жаңа талаптары,
жаңа мүмкіндіктері»
тақырыбындағы білім қызметкерлерінің
тамыз кеңесіне шақырамыз.
|

|
18
тамыз күні Жалағаш
ауданында
«Мемлекеттік
жеке серіктестік: проблемалары және
болашағы» тақырыбында мектепке
дейінгі мекеме қызметкерлерінің
облыстық
педагогикалық
форумы болып өтті. Форумда «Балапан» бағдарламасы аясында облыста атқарылған жұмыстар,
жеке меншік балабақшалар желісінің
өсуі, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
жаңа стандартын
ендіру бағытында атқарылатын жұмыстар, отбасылық балабақша, инклюзивтік оқытуды ұйымдастыру, мектепке дейінгі
білім мекемелерінің проблемалары және
шешу жолдары жайлы талқыланды.
|

|
17
тамыз күні Қармақшы ауданындағы
№250 мектеп-лицейде
«Қазіргі заманғы кітапхананы басқару»
тақырыбында баспа өкілдерінің
қатысуымен облыстық семинар-көрме
болып өтті. Семинарға «Алматыкітап»
баспасынан шығатын «Еңбекке баулу»
пәнінің авторы Қалназаров
Борис Молдабекұлы, «Арман -ПВ» баспасының редакторы Усенова Гүлмира Әнуарқызы,
аудандық Мұстафа Шоқай дүкенінің
өкілі
Жазықбаева Роза Хамитқызы,
аудан кітапхана әдіскерлері қатысып, ой бөлісті.
|

|
11
тамыз күні
Жалағаш
аудандық мәдени сауықтыру кешенінде «Мектепке жол» атты республикалық
ақциясының
аудандық
ашылу салатанаты
өткізілді. Салтанатты іс-шараның соңында аудан әкімінің
орынбасары, мекеме
басшылары, мектеп директорлары, жеке
кәсіпкерлер 50 балаға киім-кешек, аяқ киіммен, оқу-құрал жабдықтармен
көмек берілсе,
«Петро-Қазақстан»
компаниясының
демеушілігінен 50 балаға оқу-құрал
жабдықтары және тұрмысы
төмен 2 оқушыға
түрлі-түсті теледидар сыйлап,
қайырымдылық жасады. Көрсетілген көмектің
сомасы 555 мың
теңге көлемінде
болды.
|
 |
2010
жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек
аралығында «Біз
мектепке барамыз-2010» республикалық
акциясы өтеде. Облыстық акцияны
дайындау және өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комиссиясының құрамы
бекітіліп, іс-шара жоспарына сәйкес
жұмыстар жүргізіліп жатыр. Акцияның
мақсаты оқумен қамтылмаған
балаларды анықтау, аз қамтамасыз
етілген және көп балалы отбасынан
шыққан оқушыларға,
жетім балаларға және ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға қолдау көрсету
және әлеуметтік себептер бойынша
мектепке балалардың келмеуінің
алдын алу.
|
|
| |
|